Денсаулық сақтау министрлігі бүгін бес адамның коронавируспен тіркелгенін, бір адамның бұл аурудан көз жұмғанын мәлімдеді. Бұл — еліміздегі жетінші өлім дерегі. 

Тіркелген бес жағдайдың біреуі Маңғыстауда, үшеуі Қызылорда облысында, тағы біреуі Ақмола облысында. 

Ал инфекциядан қайтыс болған науқас — Ақмола облысының 1929 жылғы тұрғыны. 

Барлығы Қазақстанда 709 адамда коронавирус анықталды. Оның көбі, яғни  222-сі Астанада, 119-ы Алматыда. Бүгінге дейін COVID-19 инфекциясынан жеті науқас көз жұмған, ал 53 адам жазылды. 


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз